«Қажымұқан Мұңайтпасов - қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан» тақырыбында баяндама оқылды.

     29.01.2021 жылы  «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы  олимпиада резервінің республикалық  мамандандырылған мектеп - интернат - колледжінде»,  жас спортшыларға патриоттық тәрбие бері мақсатында  Ұлы бабамыз Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 - жылдық мерейтойына арналған  «Қажымұқан Мұңайтпасов - қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан» тақырыбында баяндама оқылды.

     Іс – шараға мектеп ұжымының директоры: Сапашев Мәлік  Әбуханұлы,  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - Молдашаева Сара  Жапсарбайқызы,  тәрбие ісі жөніндегі орынбасыры -Қалиева Ардақ  Қазтайқызы   және 11 «А» 11«Б» сыныптарының  оқушылары қатысты.

    Баяндамада: Қажымұқанның туған жері, шыққан тегі, жанұясы, ата жолын жалғастырған ұрпақтары, лақап аттары, тұңғыш кәсіпқой балуанының жетістіктері және цирк өнеріне арнап қосқан өнері жайлы айтылды.Және мектебімізден бітірген түлектеріміз міздің мақтаныштарымыз екендігі айтылып,олар туралы бейнебаян көрсетілді. Баяндамаға қосымша Қазақстан Респуликасының «Хабар»  ұлттық мемлекеттік қорындағы Қажымұқан бабамыз туралы бейнероликтер көрсетілді. Баяндама өз дәрежесінде өтті. Баяндаманы қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі: Смагулова Г.К. оқыды