Аккредитация организации образования

Қазақстан республикасы мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «қажымұқан мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі 2020 жылдың 2-5 желтоқсан аралығында ұйымдардың институционалды және мамандандырылған аккредиттеу стандарттарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын халықаралық аккредиттеу рәсімнен өтті.

Білім беру ұйымын аккредиттеу – бұл сапа туралы объективті ақпарат беру және оны жетілдірудің тиімді тетіктерінің бар екендігін растау мақсатында аккредиттеу органының білім беру қызметтерінің белгіленген аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану процедурасы.

Институционалды және мамандандырылған аккредиттеуден өту сертификаттары ұсынылатын білім беру қызметі сапасының жоғары тұрақтылығының кепілі болып табылады және білім беру қызметтері нарығында бәсекелестік артықшылықтарды сақтауға мүмкіндік береді.

Институционалды аккредиттеу шеңберінде білім беру ұйымы 010303 3 «Спорт жаттықтырушысы-оқытушы» біліктілігіне сәйкес 0103000 «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасымен 5 жыл мерзімге аккредиттелді.