Бүгін, 22 желтоқсан «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» әкімшілігі пандемия жағдайында 2020 жылы еңбек ұжымының жұмысын қорытындылауға байланысты конкурс жеңімпаздарын және бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтті.

Байқауға алты номинация бойынша алты қатысушы қатысып, мекемемізідің барлық қызметкерлері арасында арнайы сілтемені көрсете отырып, WhatsApp мессенджері арқылы жіберілетін сілтеме арқылы онлайн түрде өткізілді.

«Қашықтықтан жаттығу процесін үздік ұйымдастырғаны үшін» номинациясы бойынша бас жүлдені бокстан жаттықтырушы-оқытушы Еркебаев Асқар Берикбаевич иеленді;

«Педагогикалық және білім беру қызметіне қосқан жеке үлесі үшін» номинациясы бойынша бас жүлдені ағылшын пәнінің мұғалімі Қошқарбаева Жадыра Муратбековна иеленді;

«Әкімшілік қызметке қосқан жеке үлесі үшін» номинациясы бойынша бас жүлдені спорт әдіскері Мырзабаев Бектұрсын Ақжалғасұлы жеңімпаз атанды;

«Жоғары кәсіби жеке қасиеттері үшін» номинациясы бойынша бас жүлдені компьютерлік техника инженері Сапабек Абай Әмірбекұлы иеленді;

«Мекемені техникалық қамтамасыз етуге қосқан жеке үлесі үшін» номинациясы бойынша бас жүлдеге қол жеткізген «Жас-Батыр» СК күзетшісі Даирова Бахыт Олжабаевна;

«Ұжымның денсаулығын қорғауға қосқан жеке үлесі үшін» номинациясы бойынша бас жүлдені медбике Джупаева Жазира Курмангалиевна иеленді.

Байқау жеңімпаздары ақшалай сертификаттармен және мадақтама, алғыс хаттармен марапатталды.

Жеңімпаз атанған қызметкерлерімізді құттықтай отырып, жұмыста табыс, отбасыларына бақ-береке тілейміз!!!!