2020 жылдың 14-19 желтоқстан аралығынды Алматыда қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайында мәнерлеп сырғанаудан ҚР чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа ересектер мен жас мөлшері 10-18 жас аралығындағы жасөспірімдер, жастар қатысып, эпидемиологиялық ахуалға байланысты жарыс көрермендерсіз өткізілді.

Жарыс қорытыныдысы бойынша Қ.Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК спортшылары барлығы 1 алтын және 2 күміс медаль.

Ересектер арасында қысқа бағдарламада Диас Джиренбаев 58,69 ұпаймен жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілсе, жастар арасында Анна Левковец 120,94 ұпай жинап жеңімпаз атанды, ал күміс жүлдені 111,74 ұпаймен Сабина Насырова иеленді.

Үздік нәтиже көрсеткен спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!