2020 жылдың 15 желтоқсанында «Қ.Мұңайтпасов атындағы ОР РММИК» РММ-де «Сыбайлас жемқорлықты - қоғамдық бәле ретінде қарау және онымен күрес» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әдістері мен оның алдын алу шаралары. Дөңгелек үстел мектептің оқу бөлімі әдіскері Т.Н. Чиркованың басшылығымен ұйымдастырылып өткізілді. Шараға мектеп ұстаздарының барлығы қатысты.

Талқылауға келесі сұрақтар қойылды: Сыбайлас жемқорлық туралы не білеміз? Сыбайлас жемқорлық қандай формада көрінеді? Сонымен қатар «Лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық жағдайындағы әрекеттері» туралы видео материалдар, ұйымдастырушының ұсынған тұрмыстық жағдаяттары қаралды. Қатысушылардың әрқайсысы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» заңның негізінде өз пікірлерін ортаға салды. Пікірталас белсенді түрде өтті.

Біздің әрқайсымыз сыбайлас жемқорлық қоғамды іштен бұзатынына сенімді. Бұл тек өзімізге байланысты, қандай жағдайда өмір сүретініміз: адал немесе жемқорлықта.