2020 жылдың 7 желтоқсанында «Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде» 11«В» сынып жетекшісі Сералимова Роза Сейілбекқызының басшылығымен онлайн режимінде 11 сыныптар ата-аналары және оқушыларының қатысуымен ҰБТ-ге арналған жиналыс өткізілді. Жиналысқа Қазақ агротхникалық университетіндегі Ұлттық тестілеу орталығының филиал жетекшісі - Бекенова Асия Сериковна шақырылды.

Отырыстың мақсаты, 11 сынып оқушылары мен ата-аналарына ҰБТ туралы толық ақпарат беру.

Отырыс барысында ата-аналар белсенділік көрсетіп, өздері жауап алғысы келген сұрақтарын екі тілде қойды.