1 қазан 2020 жылы Қ. Мұңайтпасов атындағы ОР РММИК Қарттар күні «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында өтілді.

1 қазан 2020 жылы Қ. Мұңайтпасов атындағы ОР РММИК Қарттар күні «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында аталып өтілді.

«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен. Қарттары бар ел-бақытты ел! Сондықтан ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!

Қ. Мұңайтпасов атындағы ОР РММИК «Қарттар күніне» орай, барлық тәрбиешілер өз сынып жетекшілерімен бірге, оқушыларының онлайын қатысуы арқылы видеороликтер: «Қарттар біздің – асыл қазынамыз», «Қарттарымызды қадірлейік», «1 қазан –Халықаралық қарттар күні», қайырымдылық акция «Қадірлі сыйлық» дайындап, бұл мерекенін мән-мағанасын толық ашып түсіндірді. Спортшы-оқушылар өз өлең жолдарын оқып, үлкене деген құрмет, ізгіліктерін білдірді.

Бұндай іс – шара мектеп-интернат-колледжімізде жылдын жылға дәстүрлі шараға айналды. Өзіміздің шефтік көмек көрсететін әжеміз Низамуддинова Раиса Габидулаевнаға 11 В сынып оқушыларының өз еркімен дайындаған кішігірім сыйлықтарын , «Қадірлі сылық» қамқорлық акциясының шеңберінде , тәрбиеші мен сынып жетекші бірлесіп, оқушыларымыз Кузнецова Д. , Федоров А. әжемізге тапсырдық. Әжемізбен кездесу өте жылы лебізде , шынайы өтті. Раиса Габидуллаевна әжеміз толқып, көзіне жаста алды. Бұндай дәстүрлі , ізгілікті іс – шара мектеп-интернат-колледжде ардагерлерімізге шефтік көмек ретінде «Кадірлі сыйлық», «Күніне бір адамға жақсылық жаса», «Менің үйімде ардагер тұрады» және т.б. қайырымдылық іс-шаралары негізінде ұйымдастырылады.

Раиса Габидулаевна әжемізге оқушыларымыздың дайындап жатқан сыйлықтары


«Қадірлі сыйлық» қамқорлық акциясы