Қарттар күні

2020 жылдың 1 қазанында «Қадірлі сыйлық» акциясы шеңберінде  жоспарлы түрде 11 «В» сынып оқушылары тәрбиеші және сынып жетекшісімен бірге қарттар күнімен құттықтап, Низамуддинова Раиса әжейдің үйіне барды. Зейнеткер, еңбек ардагерінің қал-жағдайын біліп, көмек көрсетуге дайын екендіктерін айтты. Өз кезегінде Раиса әжей қатты қуанғанын жасыра алмады. Әлемдік пандемия жасы үлкен қартты қатты қынжылтатынын, алыстағы балалрының шекараның жабықтығынан келе алмай отырғанын айтып, көзіне жас алды.

 «Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» ұжымына алғысын жаудырып, тілек тілеп, батасын беріп шығарып салды.

 Өз кезегінде сынып жетекшісі Роза Сейілбекқызы мен тәрбиешісі Райхан Тыныштықызы оқушыларды бүгінгі қарттар күні ғана емес күнделікті өмірде қарттарымызды ұмытпауға, оларға үнемі қамқор болуға шақырды.