Ашық сабақ

2020 жылдың 30 қыргүйегінде республикалық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің ұстаздары ZOOM  платформасы арқылы ашық сабақтар өткізді. Бұл онлайн сабақтарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі С.Ж. Мусайбеков қатысты.

Аталмыш шара елімізде орнаған эпидемиялогиялық жағдай аясында олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінде білім беру сапасын бақылау мақсатында жүргізіліп отыр. Еліміздегі республикалық бес спорт мекемесінің ұстаздары онлайн режимде сабақтар өткіп, өзара тәжірибе алмасты.

«Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-сінде ZOOM  платформасы арқылы тарих пәнінің мұғалімі Д.Б. Бекежанова 10 «А» сыныбының қатысуымен «Әлемдік діндер және өркениеттің дамуы» тақырыбында өткізді.

 Шараны ұйымдастырушылар тарапынан динара Бекбосынқызының сабағының құрылымы мен  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануындағы әдістемелік шеберлігіне жоғары баға берілді.