Онлайн конференция

2020 дылдың 17 қыркүйегінде «Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен тілдер онкүндігі шеңберінде жоспарланған «Тіл – Қазақстан халықының рухани байлығы» тақырыбында онлайн конференция өткізілді. Аталмыш іс-шараға қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі мұғалімдері және 8-11 сынып оқушылары қатысты. Конференция барысында оқушылар мен мұғалімдер тілге қатысты баяндамалар мен үш тілде өлеңдер оқыды.

  Конференция соңында мектебіміздің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Молдашаева Сара Жапсарбайқызы Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың «ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді болуы тиіс, жастарды тынымсыз еңбекке дағдыландыру қажет...» деген сөзін тілге тиек ете отырып, барша қатысушыларға алғысын білдіріп, табыс тіледі.

{gallery}210920{/gallery}