Мемлекеттік рәміздер күніне орай өтілген «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» тақырбындағы жиналыс

2020 жылы 04 маусымда «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен онлайн түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» тақырыбында жиыналыс өтті.

Собрание открыла учитель истории Бекежанова Динара Бекбосынқызы. Она пояснила в чем заключается смысл государственных символов и рассказала присутствующим историю их создания.

Жиналысты тарих пәні мұғалімі Бекежанова Динара Бекбосынқызы ашып, тәуелсіздік рәміздеріміздің шығу тарихына тоқталып, төл нышандарымыздың атқаратын қызметін түсіндірді. Тарихтан белгілі мемлекеттік рәміздер тарихына байланысты деректерді келтірді.

Жиналыс барысында директордың спорт жөніндегі орынбасары Садырбаев Даулет Ақылбекұлы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалиева Ардақ Қазтайқызы мен кәсіподақ төрайымы Кошкарбаева Жадыра Мұратбекқызы сөз алып, ұлттың басты құндылығы болып табылатын ұлттық нышандар туралы өз пікірлерін білдірді.

Іс-шараны директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Молдашаева Сара Жапсарбайқызы қорытындылады.

Ол: «Еліміздің ежелден аңсаған Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, мемлекеттік рәміздердің бекітілуі, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қайта жаңғыруы, тәуелсіз еліміз үшін ерекше құбылыс және мемлекеттік рәміздерді қастерлеу азаматтарымыз үшін басты міндет» - деп сөзін аяқтады.

Жиналыстың қорытындысы ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалды.