2020 жылдың 27 сәуірінен бастап «Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК» РММ-де бекітілген жоспар бойынша сынып жетекшілер онкүндігі басталды.

2020 жылдың 27 сәуірінен бастап «Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК» РММ-де бекітілген жоспар бойынша сынып жетекшілер онкүндігі басталды. Онкүндіктің мақсаты: сынып жетекшілерінің кәсіби шеберлігі мен жұмысының беделін көтеру. Сынып жетекшілерімен бүгінге дейін бірнеше іс-шаралар өткізілді. Олар: «Сынып жетекші оқушы көзімен» тақырыбында сауалнама, «Отбасылық дәстүрлер мен құндылықтар» тақырыбында онлайн –конференциялар, «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» атты сынып сағаттары, әдеби эссе және суреттер сайысы. Онкүндік жаңа форматта өтуде және барлық оқушылар оған белсене қатысуда.