2020 жылдың 9 сәуірінде, «Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК» РММ сынып жетекшілері онлайн форматында сынып сағаттарын өткізді.

     2020 жылдың 9 сәуірінде, «Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК» РММ сынып жетекшілері онлайн форматында сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағатының тақырыбы – 08.04.2020 жарияланған  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы болды.

     Мақаланы талдау барысында сынып жетекшілері оқушылардың назарын Н.Назарбаевтың Қазақстан жастарына арнаған үндеуіне аударды. «Сендер – қоғамның нағыз екпінді буынысыңдар. Жоғарғы буын сіздер үшін қолынан келгеннің бәрін жасады, енді сендерге өз күштеріңіз мен  қабілеттеріңді көрсететін кез келді».

     Біз барлығымыз осы ойды қолдаймыз,  жастар – біздің болашағымыз емес, олар  біздің бүгінгіміз.  Мемлекетіміз әрқашанда барлық  заманауи ұлттық жобаларға белсене қатысатын  жастарымызға үлкен рөл бөлген. Ал біздің еліміздің ауқаттылығы, әсіресе, қазір біздің әрқайсымызға байланысты.