Бүгін, 2020 жылдың 3 сәуірі күні «Қашықтықтан қалай оқимыз» тақырыбында бүкіл Қазақстан бойынша онлайн сынып сағаттары өтіп жатыр. Оның мақсаты: оқушыларға қашықтықтан оқыту принциптерін түсіндіру.

Бұл іс-шараға «Қ. Мұңайтпасов атындағы ОР РММИК» РММ де белсене қатысуда. Сынып сағаттарында біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай ұйымдастрылып, қалай жүргізілетіні туралы айтылуда. Сонымен қатар, оқушыларға короновирусқа қатысты төтенше жағдайы туралы және эпидемиологиялық тәртіпті қатаң сақтап, бұл індетке қарсы күресті күшейту туралы да ескертулер жасалуда.