Байқау сабақтары

Еліміздегі төтенше жағдай барысында оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық мектептері қашықтықтан оқыту тәртібіне көшуде.

«Қ.Мұңайтпасов атындағы ОР РММИК» РММ-і де белсенді түрде оқытудың жаңа форматына даярлық үстінде. Мектебіміздің мұғалімдері ҚР БҒМ ұсынған әдістемелік платформаларды зерттеп, тиімдісіне қабылдау жасады. Білім министрлігі мектеп ұстаздарына қашықтықтан оқытатын сабақтарға даярлық барысында пайдалана алатын бірнеше ақпараттық порталдар ұсынды. «Қ.Мұңайтпасов атындағы ОР РММИК» РММ ұжымы шалғайдағы оушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, «Күнделік», «Googl klass room», « ZOOM» үш порталына тоқталды.

2020 жылдың 16 наурызынан бастап, онлайн сабақтарын өткізуге орасан зор жұмыс атқарылды.

Ал бүгінгі күні 01.04.2020ж біздің мектеп оқушылармен қашықтықтан байланысқа шығып, байқау сабақтарын берді. Сабақ беру барысында біз бірнеше кедергілерге тап болдық. (байланыс бірнеше рет үзіліп, дауыс жоғалып кетіп отырды). Тоқсан басталғанға дейін бұл кемшіліктер жойылады деген үміттеміз.

Демалыс уақытына қарамай көптеген оқушылар байланысқа шығып, онлайн сабақтарға қатысты.