Үркімбай Бекзат 23 жасқа дейінгі ересектер арасында ҚР чемпионы!

Ағымдағы жылдың 20-23 ақпан аралығында Өскемен қаласында еркін күрестен 23 жасқа дейігі ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.

Аталмыш жарысқа ҚР барлық аймағынан 10 салмақ дәрежесі бойынша 270 ке жуық балуан бақ сынасты. Қ.Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК спортшыларының қоржынында 1 алтын және 1 қола медаль:

  • Үркімбай Бекзат (92 кг) -І орын;
  • Тәжі Самат (125 кг) – ІІІ орын иеленді!

Және де мектебіміздің түлектері:

  • Көшкінбаев Мейір (79кг) - І орын;
  • Кайпанов Нуркожа (74кг) -Іорын;
  • Кабыкенов Тілек (79кг)- ІІІ орын;
  • Жылкайдаров Айдос (70кг) - ІІІ орын;
  • Даулетказы Ескали (86кг) - ІІІ орын.

Жеңіске жеткен спортшыларды және еркін күрес бөлімшесінің жаттықтырушылар құрамын шын жүректен құттықтаймыз!