«Олимп 2019» марапаттау кеші!

Ағымдағы жылдың ақпан айының 20-сы күні «Жастар» театр залында ұйымдастырылған 2019 жылдың спорттық қорытындысы бойынша «Ең үздік спортшы», «Ең үздік жаттықтырушы», «Ең үздік бөлімше» атты салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Аталған шараға Олимпиада ойындарының жеңімпазы және күміс жүлдегері, әлем чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Бокстан «ОДО» директоры – Ермахан Сағиұлы Ибраимов және мектебіміздің түлегі, әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпазы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, «Жыл спортшысы - 2013 » атағының иегері, Астана қаласының «№6 ОРМБЖСМ» директоры – Мерей Толегенұлы Акшалов қатысты.

2019 жылдың спорттық қорытындысы бойынша:

  • «Жылдың ең үздік мектеп спортшысы» номинациясының жеңімпазы – грек-рим күресінен ҚР спорт шебері, жасөспірмдер арасында Азия чемпионы, жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері – Сайлау Мақсат.
  • «Жылдың ең үздік колледж спортшысы» номинациясының жеңімпазы - мәнерлеп сырғанаудан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, ересектер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қысқы бүкіләлемдік Универсиаданың күміс жүлдегері – Турсынбаева Элизабет.
  • «Жылдың ең үздік мектеп жаттықтырушысы» номинациясының жеңімпазы - шорт-тректен жаттықтырушы-оқытушы – Сулатанлиев Азамат Салықұлы.
  • «Жылдың ең үздік колледж жаттықтырушысы» номинациясының жеңімпазы – мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушы-оқытушы – Турсынбаев Байтак Әбілханұлы.
  • «Жылдың ең үздік бөлімі» номинациясының жеңімпазы – Грек-рим күресі бөлімі.

Барлық номинация бойынша үздіктерді құттықтай отырып, алдағы спорттық додаларда көк туымызды желбіретіп, жеңіс тұғырың биік сатысынан көріне берулеріңізге тілектеспіз!