Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан ҚР чемпионаты өтті.

Ағымдағы жылдың 11-13 ақпан аралығында 2001-2002 ж.т. жастар және 2005-2007 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында және 18-20 ақпан аралығында 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты «Ольга Рыпакова» атындағы жеңіл атлетика орталығында өтті. Аталған додаға ҚР барлық өңірлерінен 600-ге жуық спортшы бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша спортшыларымыз – 3 алтын, 1 қола медаль иеленді.

  • Ерастов Денис 60 метр қашықтықта жүгіруде 7:04, 7:05 уақытымен – 2 алтын медаль иеленді;
  • Жұмай Луйза спорттық жүрісте 3000 метр қашықтықта 15.24 сек уақытында өтіп - жеңімпаз атанса;
  • Рәсіл Бекнұр 1500 метр қашықтықта жүгіруде 4:38.58 сек уақытымен – ІІІ орыннан көрінді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!