Педагогикалық кеңес

2020 жылдың 13 ақпанында «Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемелекеттік мекемесінде кезекті педагогикалық кеңестің отырысы өтті.

Педагогикалық ұжым білім беру субъектісінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа кезең ҚРМЖМБС (ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты) енгізу жағдайында, мектептің білім беру кеңістігін жетілдіруге қолайлы жағдай туғызу бағытында жұмыс жасады.

2018-2019 оқу жылындағы оқу бөлімінің жұмысына талдау жасалынып, мектеп-интернат-колледжі директорының спорт бөлімі бойынша орынбасары Д.А.Садырбаев және оқу бөлімі бойынша орынбасары С.Ж.Молдашаеваның жылдық есебі тыңдалды. Сонымен қатар келесі 2019-2020 оқу жылына мақсат-міндеттер қойылды.