Біліктілікті жоғарылату курсы

2020 жылдың 10-14 ақпаны аралығында Астана қаласы бойынша ФАО "Өрлеу" БАҰО" ПҚ БАИ-да «Білім берудің заманауи талаптары негізінде орыс тілі мен әдебиетін оқыту» тақырыбында мұғалімдердің біліктілігін жоғарылату курстары өтті. Курстар жұмысына «Қ.Мұңайтпасов ат. Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-нің орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімдері Мақышбекова Ж.К., Чиркова Т.Н., Мусакулова Н.С. қатысты.

2020 жылдың 17-21 ақпаны аралығында «Қазіргі білім беру ортасы және ағылшын тілін оқытудағы жаңа аспектілер» тақырыбында Ж.Р.Айтжанованың жетекшілігімен ағылшын тілі пәні мұғалімдері К.М.Мукашева, Г.Ж.Стыбаева, Б.Р.Мадиева, Ж.М.Кошкарбаева, С.Е Шарипова. курстар өтті.

Курстың мақсаты білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық идеялары контекстінде білім беру үдерісін ұйымдастыруда педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Курс бағдарламасы аясында дөңгелек үстел, лекциялар, мастер-класстар, жобалау топтарының жұмысы ұйымдастырылды.

Жабылу салтанатында бағдарламаны табысты меңгерген оқытушыларға мемлекеттік үлгідегі біліктілікті арттыру туралы сертификаттар, сондай-ақ оқу-әдістемелік материалдар табыс етілді.

2020 жылдың 19 ақпанында мектебіміздің мұғалімдері Ш.М.Таева, Д.Б. Бекежанова, Ж.Е.Сихимбаева «Сандық Қазақстан» бағдарламасы шеңберіндегі «Білім берудегі цифрлық технологиялар» тақырыбында өткен семинар-практикум жұмысына қатысты.