2020 жылдың 20-қаңтарында мектеп-интернат-колледж жатақханасында «Дін-тәрбие бастауы» атты кездесу кеші ұйымдасытырылды

Спортшы-оқушыларға адамгершілік, ізеттілік, имандылық секілді құндылықтарды бойына сіңіре отырып, имандылық туралы көзқарастарын дұрыс қалыптастыруға баулу мақсатында «KAZISLAM» порталының редакторы, дін мәселелер жөніндегі республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы - Тұрар Түгелұлы Абуов шақырылды.

Жалпы дін туралы ұғым түсініктерін кеңейтіп, сұрақтарына жауап ала білген оқушылар дән риза болды.