2020 жылдың 17 қаңтарда оқушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына барды

Балалар үшін тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды, онда ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Әлем қадірлеген Елбасы" Жоғарғы шетелдік марапаттарының Коллекциясымен танысып, "Жоғары тану белгілері", "Билік рәміздері", "Күмістің мәңгі шұғыласы", "Көшбасшылыққа 30 жыл", "Ұлы дала жастары" көрмелерін көрді. "Әлем мойындаған көшбасшы" фотогалереясы және "Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыс" тұрақты экспозициясы қызығушылық тудырды. Сонымен қатар "Назарбаев Орталығы"ғимараты бойынша шолу экскурсиясы ұйымдастырылды.