ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ БӨЛІМШЕСІ СПОРТ-ИНТЕРНАТТАР АРАСЫНДА ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!

Ағымдағы жылдың 03-05 желтоқсан аралығында Щучинск қаласында өткен грек-рим күресінен спорт-интернаттар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Аталған турнирге ҚР барлық аймақтарынан 14 командадан 120-ға жуык балуан қатысып, 10 салмақ дәрежесі бойынша мықтыны анықтады.

✔Айтбеков Айбек - І орын;
✔Кенганов Ерасыл - І орын;
✔Азамат Бақдаулет - І орын;
✔Сабаз Бағдат - 3 орын иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК командасы жарыс жеңімпазы атанды!

Жеңіске жеткен спортшыларды және жаттықтырушылар құрамын шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!