Элизабет Турсынбаева 2019 жылдың үздік спортшысы!

Ағымдағы жылдың 30 қараша күні Астанада жақсы дәстүр бойынша - Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті спорт жылының қорытындысын шығарды: «Қазақстан» орталық концерт залында «Altyn Samgay-2019» Ұлттық спорт сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Қазақстан ҰОК Президенті Тимур Қулибаевтың бастамасымен құрылған «Altyn Samgay-2019» еліміздің басты спорттық наградасы биыл жаңартылған форматта өтті: бір кеште залға еліміздің жетекші спортшылары, танымал эстрада жұлдыздары, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері және жанкүйерлер жиналды! Алғаш рет #teamKZ нағыз жанкүйерлері Сыйлыққа қатысуға, команданың шынайы құрамына енуге және ұлттық құрама мүшелерімен сұхбаттасуға мүмкіндік алды. «Қысқы спорт түрлеріндегі ең үздік спортшы» номинациясындағы жүлдені осы маусымда Сайтам қаласында (Жапония) өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында күміс жүлдегері Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК түлегі Элизавет Турсынбаева жеңіп алды. Еске сала кетсек Елизавет еркін бағдарламада 16 жасқа толған алғашқы «төртбұрышты сальхов» орындаған мәнерлеп сырғанаушы.