«Әлі талай жыр болып жазыларсың» әңгіме-сұхбат

2019 жылдың 25-қарашасында «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Әлі талай жыр болып жазыларсың» Хан тәңірінің мұзбалағы Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған әңгіме-сұхбат өтті. Іс-шараның қонағы кезінде Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «дене шынықтыру» факультетінде кафедра меңгерушісі, сонымен қатар мектебімізде көп жылдар бойы әдіскерлік-ұстаздық қызмет атқарып, болашақ чемпиондарымыздың азамат болуларына, өмірден өз орындарын табуға үлес қосып, бүгінде қатарымызда талмай еңбек етіп келе жатқан асыл ағамыз Нарымбетов Ерсайын болды.

Бүгінгі іс-шарада Ерсайын Бариевичтің Мұқағалидың өмірлік жары Лашын апаймен кездесуі ғана емес, сонымен қатар ақынның өлеңдеріне ән жазуы туралы айтылды.

Сұхбат барысында ақынның отбасымен жақын болған бір азаматтың бүгінде келешек ұрпақтың есіне қалдырар өнегесі мол екенін көрдік.

Сұхбат барысында ақынның отбасымен жақын болған бір азаматтың бүгінде келешек ұрпақтың есіне қалдырар өнегесі мол екенін көрдік.

Әңгіме-сұхбатта Мұқағалидың өлеңдеріне жазылған Ерсайын ағамыздың әндері шырқалып, іс-шара өз дәрежесінде өтті.