Айтмұхан Ризабек Азия чемпионатының қола жүлдегері!

Қараша айының 22-24 аралығында Тайжун қаласында (Тайпей) күрес түрлерінен өтіп жатқан кіші жасөспірімдер арасында (U-15) Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күні еркін күрестен 75 келі салмақ дәрежесінде белдескен Айтмұхан Ризабек Азия құрлығының қола жүлдегері атанды!

Жүлдегер атанған Айтмұханды, жеке бапкері Жакупов Саматты және еркін күрес бөлімшесін шын жүректен құттықтаймыз!!!