Шымкент қаласында қазанның 15-19 аралығында көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының Чемпионаты және Кубогы аяқталды.

Біздің спортшы қыздарымыз тағы да өздерін алдыңғы қатарда көрсете білді және нәтижелері 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль:
Бакатова Сабина – І орын (шеңбер), І орын (ұршық), ІІІ орын (доп) ІІІ орын (көпсайыс); Ертайқызы Айбота – ІІ орын (ұршық), ІІ орын (лента) иеленді;

Ромашкина В., Нурлан А., Чернышева А., Будник М.,Срымбетова Д. – топтық жаттығуда І орын (лента), 1 орын(шеңбер) !!!

Қыздарды жеңістерімен құттықтаймыз!