Мектебімізге түлектеріміз қонаққа келді!!!

Мектебімізге еркін күрес бөлімшеснінің түлектері қазіргі уақытта ҚР ұлттық құрама командасының мүшелері  ХДСШ-лері Данияр Қайсановпен Нұрғали Нұрғайыпұлы қонаққа келді. Спортшыларымыз ағымдағы жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін күрес түрлерінен Әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиынын өткізіуде. Айта кетсек, бұл жарысқа мектебіміздің түлектерніен:

Грек-рим күресінен – 63 кг салмақ дәрежесінде Алмат Кебіспаев, 82 кг салмақта Мақсат Ережепов 87 кг салмақ дәрежеде Азамат Құстыбаев;

Еркін күрестен – 70 кг салмақ дәрежеде Нұрқожа Қайпанов, 74 кг салмақта Данияр Қайсанов, 92 кг салмақта Нұрғали Нұрғайыпұлы;

Әйелдер күресінен – 62 кг салмақ дәрежесінде Аяулым Касымова ел намысын қорғайтын болады.

Спортшыларымызға сәттілік тілей отырып, 2020 жылы Жапония мемлекетінің астанасы Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алуларыңа тілектеспіз!