акушер-гинекологпен кездесу

2019 жылдың 17 қаңтарында мектеп-интернат қыз балаларымен Астана қаласының №3 Студенттік емханасының акушер-гинекологы Қалдыбаева Альфия Әбдималікқызы және мектеп инспекторы Алмағанбетова Алмагуль Жансерікқызымен кездесу өткізілді. Кездесуде қыз балаларға «Ерте жастағы жүктіліктің алдын-алу» тақырыбында дәріс оқылды. Гинеколог А.Ә. Қалдыбаева жасөспірімдер арасындағы жұқпалы аурулардың алдын-алу, ерте жастағы жүктілік пен жеке гигиенаны сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Әйелдер қауымының денсаулығы - бұл біздің ұлтымыздың болашағы. Жас ұрпақтың болашағы үшін осындай тақырыптағы іс-шараларды белсенді түрде жиі өткізіп, жастар арасында насихаттауымыз қажет екені айтылды. Дәріс соңында қыз балалар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қызықты бейнематериалдар көрсетілді.