Қызылжар елді мекенінде күрес түрлерінен, әр жастағы спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты жалғасуда.
Алдынғы күндерде еркін, әйелдер және U-20 арасындағы грек-рим күрес түрлерінен чемпионаттар өз мәресіне жеткен еді. Осы жолы, грек-рим күресінен, жасөспірімдер арасында (U-15), әр салмақ дәрежесінде, бірінші күн сайысы аяқталды.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің палуандары жарысты сәтті бастап, келесі нәтижелерге қол жеткізді: 48 келіге дейін салмақ дәрежесінде Дінмұхамад Нағиев (8 сынып оқушысы) және
Мирас Махамбет (57 кг., 9 сынып оқушысы) алтын медаль иегері атанды!
8 "А" оқушысы
Бекарыс Солтанқұл (85 кг) үшінші орынға ие болып, Ұлттық чемпионаттың қола медалін мекеме сандығына салды.
Әзірше, "қажымұқандықтар" осы күрес түрлері бойынша (U-15 және U-20) медаль саны бойынша, ешкімге дес бермей, алдынғы қатарды басуда.