Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің оқушылары тәрбие бөлімінің жетекшісі Гүлбаржан Авуталивтың ұйымдастыруымен атақты Қажымұқанның кіндігі тамған жеріне барып, мұражайға саяхат жасап келді.
Бұл іс-шара Қажымұқан Мұңайтпасұлының 153 жылдығына арналған еді. Астана іргесінде орналасқан Қажымұқан ауылына мекеменің спортшы-балалары жыл сайын барып, керемет әсер алуда. Не бары 20-25 шақырымда орналасқан ауылды-мекенде Қажымұқанның мүсіні мен музейіне бару-ол тарландарымыздың, жылдар бойы, қалыптасып қалған парызы.
https://www.instagram.com/reel/C5i0WFHtEhj/?igsh=cThuZ3d2aXh0NXpu