Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжде кеңейтілген педагогикалық кеңесінің отырысы өтті.
Іс-шарада мекеменің спорт әдіскері Нұрлан Ниязбаев қысқы спорт түрлері бойынша есеп берді. Шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанау спорт түрлері - мектептегі, нәтиже бойынша, алдынғы қатарда тұрған спорт бөлімшелері. Баяндама бағытында осы спорт түрлерінің есеп пен жоспарлары айтылып, мақсаттары да белгіленді.
Оқу әдіскері Райгүл Закирова қызықты және әсерлі баяндамасы көпшіліктің көңілінен шығып, оң бағаға ие болды. Ақпаратқа толы әнгімесінде, жиналған қауым көп нәрсені ақылға түйіп, тізіп, сіңдіріп алды.
Колледж әдіскері Қымбат Бапишева студенттердің тыңыс-тіршілігімен таныстырып, жаңадан қолданылатын заңнамалар мен оқу ережелерін атап өтті.
Сұрақ-жауап форматында аяқталған іс-шарада көптеген тың деректер мен мәліметтер анықталып, жиналған қауымды мазалап жүрген сауал/жауаптары қаңағаттандырылды.