Осы күндері, Қызылжар аймағында, грек-рим күресінен жастар арасында (U-20) Қазақстан чемпионаты өтуде.
Еркін және әйелдер күресі бойынша алдында өткен Ұлттық чемпионатында Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің палуандары сәтті өнер көрсетіп, жұлдыздай жарқыраған еді.
Мекеменің грек-рим күресінің қас шеберлері болса әріптес-достарының нәтижелерінен асып түсіп, жалпы мектептің бейресми жеңіс ұпай сандарын бір шама жақсартты.
Атап өтсек, солтүстік кілемде 60 келіге дейін салмақ дәрежесінде, студентеріміз: Айбек Айтбеков, Омар Дүйсенбек (77 кг.) және Бағлан Қуаныш Қазақ Елінің чемпионы атанып, алтын медальдарын мойындарына тақты!
Колледж студенттері: Айбат Рахым (55 кг ) мен Бағдат Сабаз (67 кг.) жеңіс тұғырдың екінші сатысына көтеріліп, Қазақстан чемпионатының күміс медаль иегері атанды.
Ал, Есбол Шамилов (63 кг.), Санжар Құдайберген (82 кг.) және Серғазы Әбдіқадірлер (67 кг.) болса, қола жүлдеге ие болды.
Тамаша жетістіктермен жаттықтырушылар мен спортшылар өз ара бөлісіп, жеке бапкерлеріне, аймақтағы ұстаздарына да барша алғыстарын айтуда.
Грек-рим күресі бөлімшесі - ең үздік екендерін, тағы да бір мәрте дәлелдеді.