30 наурыз-4 сәуір аралығында, Түркістан қаласында "Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған XXII жастар арасындағы халықаралық турнир" өтті.
4 сәуір-былғары қолғап шебері, ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, 2000 жылғы Сидней қаласында (Аустралия) өткен Олимпиада ойындарындағы бокстан 57 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанған Бекзат Саттархановтың дүниеге келген күні.
Қасиетті Түркістан өлкесі тумасының есімі тарихта алтын әріппен жазылғаны баршамызға белгілі.
Тағдырдың жазуымен, 20 жасар қазақтың мақтанышы, сол, 2000 жылдың 31 желтоқсанында, жол апаты кесірінен, бақилық болды.
Өзі кетсе де, есімі мәңгі қалды. Шеберлігі мен жігерлігін үнемі ойымызда сақтаймыз.
Ал, аталған турнирге келсек, бұл сайыста жау жүрек, мың балалар өз ара жігіт сұлтаның анықтады.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің боксшысы да намысты қолдан бермей қанжығасын майлады.
54 келі салмақ дәрежесінде Әли Мұрат финалдық бәсекеге дейін сүрінбей жетіп, ақтық кезеңде ғана азулы қарсыласына, ұпай санымен, жол беруге мәжбұр болды. Күміс медаль! Жарайсың, Әли!
Спортшымыздың жеке бапкері, мекеменің бокс бөлімшесінің жаттықтырушысы Қанат Махамбетовты шәкіртінің жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бағындырар белестері көп болғай, баламыздың!