Астана қаласында орналасқан "Алау" мұзайдыны сарайында 26-28 наурыз аралығында шорт-тректен Қазақстан Чемпионаты өтті.
Маусымның соңғы ресми жарыстарында осы спорт түрінің еліміздің ең мықты спортшылары қатысып, өз ара чемпиондарын мен жүлдегерлерін анықтады.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің жас спортшылары, ересектер жарысына қатысып және өз аймақтарының атынан шығып, жақсы нәтиже көрсетті.
Жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың қола жүлдегері Полина Омельчук 1,000 м. қашықтықта күміс медаль иегері атанды.
500 м. жарыста Дінмұхаммедалдияр Тәжібай мәре сызығын үшінші болып кесіп, қола медальға ие болды.
5,000 м. эстафета жарысында біздің жұп, Айбек Нәсен мен Дінмұхамедалдияр, Тәжібай қарсыластарына дес бермей чемпиондық атаққа қол жеткізді!
Мектеп-интернат-колледждің тағы бір спортшысы тұғырдың екінші сатысына көтерілді: 5,000 м. жүгіруде, мұзтабан шебері Жандос Серікбаев өз әріптесімен күміске қол жеткізді.
Микс-жарысында мекеме спортшысы, колледж студенті Нұрлан Қайырбеков әріптес-қызымен алтыннан алқа тағынды!
3, 000 м. эстафеталық сайыста Полина Омельчук пен Анастасия Галечина (Астраханцева) қарсыластарын шыдатпай, мәреге бірінші келді. Алтын!
10 сынып оқушысы Қорлан Сәт 3,000 м. эстафетада вице-чемпион атағына ие болды. Күміс!
Ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатын қорытындыла келе, Қ. Мұнайтпасов атындағы ОРРММИК-дің спортшылары 3 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль иегері атанды. Жалпы, бұл Ұлттық Чемпионатта, қоржынымызда 7 награда! Бәрекелді!
Шорт-трек бөлімшесінің жаттықтырушылары: Азамат Сұлтанәлиев пен Евгений Арсентьевті шын жүректен құттықтаймыз!
Маусымды сәтті бастап және жоғары деңгейде аяқтаған бөлімшеге оң баға беріп, сәттілік тілейміз!