Бүгің, Астана қаласында 2004 жылдың бокстан Олимпиада чемпионы, "Вэл Баркер" кубогының иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Бақтияр Артаевтың ашық халықаралық турниры аяқталды.
Бұл жарысқа әр елдің 2008-2009 ж.т. былғары қолғап шеберлері жұдырық түйстіріп өз ара чемпиондары мен жүлдегерлерін анықтады.
Қ.Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің 9 "А" сынып оқушысы, бокс бөлімінің спортшысы, спорт шеберіне үміткер Ерасыл Маратов 46 кг салмақ дәрежесінде үздік болып, турнир жеңімпазы атағына ие болды! Оған қоса, кішігірім "Вэл Баркер" кубогын да ұтып алды. Қазылар алқасы "Үздік техникасы үшін" номинациясы бойынша берілетін сыйлықты бір ауыздан Ерасыл баламызға тапсырды!
Тамаша жетістік!
Бокс бөлімшесінің жаттықтырушылар тобының шәкірті осындай белестерді бағындырғаны үшін шын жүректен құттықтаймыз!