Алматы облысы, Қарасай ауданында, жасөспірімдер мен жастар арасында грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты өтуде.
U-17 жастағы спортшылар арасында Қ. Мұңайтпасов мектеп-интернат-колледждің бір топ палуандары өте жоғары дәрежедегі нәтижелерді көрсетіп, белді күрес мамандарының көзіне ілікті.
Ерсайын Секенов (80 кг салмақ дәрежесі) Ұлттық чемпионатта үшінші орынды иеленіп, қола медальды мойнына тақса, оның мектеп әріптесі және құрдасы Әмірмұхаммед Қабулов күміс жүлдегері атағына ие болды!
Ал, Алпамыс Болатұлы (55 келі), Досбол Шәміл (60 кг) және Әбілмансұр Ахалбек (71 кг) өз финалдық белдесулерін жеңіспен аяқтап Қазақстан Республикасының Чемпионы атанды!
Соңымен, "қажымұқандық" 17 жасар балаларымыз өздерінің жылдың басты жарысында 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медальды мектеп қоржынына салды! Тамаша жетістік!
Дәурен Кегенбаев бастаған грек-рим күресі бөлімшесінің жаттықтырушылар тобын және спортшыларды боз кілемдегі бағындырған белестерімен шын жүректент құттықтаймыз!
U-23 жарысы еңді басталып қуанышты жаңалық шымылдырығын ашты: 87 келі салмақта Бақдәулет Азамат есімді спортшымыз чемпиондыққа қол жеткізіп, жеңісті күндерді жалғастыруда.
Әз-наурыз мерекесінде осындай тосын-сыйларды қуанышпен қабылдап, ризашылығымызды білдіреміз.