Атырау қаласында су добынан Қазақстан чемпионатының (2007 ж.т.) II тур ойындары аяқталды.
Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК ватерполшылары бұл байрақты бәсекеде, басым бөлігі, "Астана" клубының намысын жыртып жүргені белгілі. Тіпті, команда сапында ересектер арасындағы Қазақстан Ұлттық құрама командасының, Еліміздің жастар құрамасының спортшылары белсенді ойнауда. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, ҚР спорт шеберлеріне толы елордалық ұжым атыраулық турдан кейін бірінші орынды айқын басымдылықпен басып алуда.
Мамыр айында, соңғы, үшінші турды сәтті өткізсе, Әділ Темірханов бастаған "қажымұқандық" су доп шеберлері чемпиондық атаққа ие болады.
Олай болса, жігіттерге сәттілік серік болсын деп, тілеп қойяық!