Еліміздегі Наурызнама онкүндігінің жетінші күні - Ұлттық спорт күні.
⚜️ Біздің ұлттық спортымыз – тек сайыс пен жарыс емес, онда көшпелі тұрмыстың рухы бар. Ұлы Далада күш-қайрат, ептілік, өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылыс, жақындарына тіреу болу қабілеті өмір сүру мен дамудың кілті саналған.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледж ұжымы қалыс қалмай, Ұлттық спорт күніне өз үлесін қосуда!
Бүгің, мекеменің ұжымы наурыз мерекесін тойлап, ұлттық спорт ойындарына да белсенді қатысты. Асық ату, бес асық, табан тіреу, ләңгі, тоғызқұмалақ, жастықпен құлату спорт түрлеріне студенттер, оқушылар, ұстаздар, тәрбиешілер мен әкімшілік қызметкерлер өз ара жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Ең үздік Ұлттық киімі номинациясының "чемпионы" да белгілі болды.
Келе жатқақ Әз-Наурыз құтты болсын, ағайын!