Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы домбыраның бірде күмбірлеген, бірде шертілген ойлы дыбысы құлаққа жағымды,жүрекке жақын, оның күмістей сыңғырлаған үні талай сырдың басын қайырады. Сымдай тартылған қос ішектен сан ғасырдың сан алуан сипаты ақыл-ойы, көңіл күйі жатыр.
Домбыра - көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжде тәрбие бөлімі мен спортшы-балалар, Наурыз мереке қарсанында ұйымдастырған Ұлттық аспап--домбыраның құрметіне, мерекелік кеш өтті.
Іс-шара барысында жиналған көрермендерге домбыраның аңыз-терең тарихы туралы ақпараттар айтылып, сыңғырлы ән-күй-термелер шырқалды.
Сонау түркі дәуірінен тамыр тартатын ұшан-теңіз руханиятымыздың бір саласы – музыка өнері. Ұлы даланы ен жайлаған бабаларымыздың бұл салада қалдырған асыл мұрасы – халқымыздың баға жетпес ұлттық қазынасы. Сол алтын кеніштің ішіндегі ешбір халықта кездеспейтін феномендік құбылысқа балауға болатын күй, терме, жанрлары ерекше назар аудартады. Ықылым замандардан бері осы бір ғажайып домбрада ойнау өнері ұрпақтан-ұрпаққа дәстүр жалғастығы арқылы қазіргі дәуірімізге де жетті.