Астана қаласында жасөспірімдер арасында конькимен жүгіруден өтіп жатқан Қазақстан Чемпионатында Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің спортшылары топ жаруда.
Жуырда, Кангвон қаласында (Оңтүстік Корея) аяқталған IV жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы, астаналық мұзды желаяқ Руслан Жанадилов, осы жолы да өз шеберлігін дәлелдеп, мықты екенің көрсетті.
Көпсайыс нәтижесі бойынша, мекеменің 10 сынып оқушысы чемпион атанып, мектеп мәртебесін тағы да бір саты жоғары көтерді.
Арина Гаврилова, Глеб Терентьев, Айзада Рымбек - қола медальға қол жеткізіп, тұғырдың үшінші сатысына шықты.
Мұзтабан шеберлері қатарынан мектеп оқушысы Екатерина Шабасова да үздік нәтиже көрсетіп, күміс медальға ие болды.
Құтты болсын!
Ертең, балалар жеке және жеке-командалық сайысқа қатысады.