8 наурыз мерекесі қарсанында Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжде, оқушы ер балалалардың ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.
Мекеменің ұстаз, тәрбие, жаттықтырушы, әкімшілік қызметкерлер қыз-келіншектеріне сый құрмет көрсетіліп мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Құрметті "қажымұқандық" ақ жаулықты аналар мен аяулы қыз-келіншектер!
​ Сіздерді​ 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!​
​ Жанға жайлы көктемнің шуақты күні​ өздеріңізге тек көтеріңкі көңіл-күй мен​ қуанышқа толы​ сәттер әкелсін! Жарқын жүздеріңізден​ бақыт оты лаулап, ұзақ​ берекелі де мәнді ғұмыр сүріңіздер! От-бастарыңыз, туған-туыстарыңыз әрдайым аман болып, жандарыңыздан​ табылсын!
Аңсаған армандарыңыз орындалып, алға қойған мақсатыңызға жетіп, арамызда жадырап күліп​ жүре берулеріңізге шын жүректен​ ​ тілектеспін!

Аса құрметпен,
мекеменің ер азаматтары

​Дорогие наши милые женщины "Қажымұқана"!

​Поздравляем Вас с первым весенним праздником - международным женским днем 8-марта!
Пусть этот солнечный весенний день​ принесет Вам поистине ​ праздничное настроение, а яркое солнце наполнит Ваши сердца​ теплотой и душевным спокойствием!
Родные и близкие, товарищи и соратники окружат Вас заботой, любовью и вниманием.
Искренне желаем Вам, чтобы все жизненные невзгоды обошли стороной, а счастье, крепкое здоровье, красота и очарованье ни на миг не покидали Вас!
С праздником вас, дорогие наши женщины!

С уважением,
мужской коллектив учреждения