Филиппин елінде (Нью-Кларк-Сити қаласы) су спорты түрлері бойынша Азия чемпионаты жалғасуда.
Су добынан, жастар арасында "Сары құрлықтың" 11-шы чемпионатында Қазақстан құрама командасы өз тобында екінші ойының өткізіп, кезекті жеңіске қол жеткізді. Бас бапкер Әділ Темірхановтың ұжымы осы жолы Сингапурдан келген құрдастарын 16:9 есебімен ойсырата ұтты!
Қ. Мұңайтпасов оқу-спорттық ордасынан бұл Азиялық додада төрт бірдей су добы спортшылары қатысуда: команда капитаны Егор Белоусов, Дәурен Әли,
Алдияр Әкімбай және
Асанәлі Тәліпов.
Балалаларымызға сәттілік үнемі жолдас болсын!