Көкшетау қаласында орналасқан "Бурабай" спорт сарайында, 26 ақпан-2 наурыз аралығында, шорт-трек спорт түрінен үлкен және орта жастағы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің спортшылары бұл жарыста үздік нәтиже көрсетіп, 20 медальды мекеме қоржынына салды!
Мектептің 11 сынып оқушысы, жуырда Оңтүстік Корея елінің Кангвон қаласында өткен IV жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы Анастасия Астраханцева Көкше өңірінде өткен сайыста төрт бірдей (4) алтынды жеңіп алды!
Жалпы, аталған Ұлттық біріншілікке 10 спортшымыз қатысып 8 оқушымыз жүлдемен оралды (80%).
Әр қашықтықтарда және жастарына сай жарыстарда жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында: Жандос Серікбаев (алтын), Павел Цой (алтын), Нұрия Алпысбай, Даяна Айтыбек, Темірлан Жолдас, Илья Кафтанатий және Нұрдәулет Әзімтай.
6 алтын, 7 күміс және 7 қола медаль (жалпы 20 жүлде) - мекеме тарландарының тағы да қанжығасы майланғанын білдіреді.
Шорт-бөлімшесінің жаттықтырушы - бапкерлері Азамат Сұлтаналиевты және Евгений Арсентьевты шәкірттері көрсеткен биік нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз.
Осы бөлімшеге қатысты тағы да бір жағымды ақпарат келіп түсті: Нұрлан Қайырбеков (колледж студенті), Павел Цой (10-шы сынып оқушысы) және Жандос Серікбаев (9 сынып) Қазақстан Республикасының Спорт шебері атағына ие болды!
Қажымұқан Мұңайтпасов спорт мектебі-чемпиондар ұстаханасы екенің кезекті рет дәлелдеуде.