Алматы қаласында, 20-21 ақпан аралығында, "Медеу" мұзайдыны кешенінде, конькимен жүгіру спорт түрінен Қазақстан Республикасы Кубогының жарысы өтті.
Мұзтабан спортшылар жиналған республикалық сайыста Қ. Мұңайтпасов атындағы спорт мектебінің бір топ оқушы-спортшылары қатысып, үздік нәтижелерге қол жеткізді.
1500 м. қашықтық жарысында мекеме конькишісі Еңілік Жәрдембек, қыздар арасында, күміс медаль иегері атанды.
Ал, 1000 м. дистанциясында аталған қызымыз қола жүлдені мойынына тақты.
3000 м. арақашықта мектеп оқушысы Айзада Рымбек мәре сызығын екінші болып кесіп, вице-чемпион атағына ие болды.
5000 м. стайерлік қашықтықта Алдияр Төлегенов тұғыр сатысының үшінші сатысына көтеріліп, Ұлттық Кубоктың қола жүлдегері болып танылды.
Жарысты қорытындыла келе спортшыларымыз екі күміс және екі қола медальды жеңіп алды.
Мекеменің конькимен жүгіру бөлімшесінің аға жаттықтырушы Кенжеш Сәрсекенова бастаған бапкерлік тобын шын жүректен құттықтаймыз!
Алда, Қазақстан Республикасының Чемпионаты. Жағымды жаңалықтарды енді сол жерден күтудеміз.