Ағымдағы жылдың 21-26 ақпан аралығында Үндістан елінің астанасы - Нью-Дели қаласында тректегі велоспорттан ересектер арасында 43-ші, жастар арасында 30-шы Азия чемпионаты мен 12-ші парачемпионаты өтуде.
"Сары құрлықтың" кілең мықтылары жиналған додада Қ. Мұңайтпасов атындағы оқу-спорттық ұстахананың спортшыларынан 4 оқушы және 4 студент қатысуда.
Жарыстың алғашқы күні мекемеміздің 2 курс студенті Илья Карабутов және түлегіміз Рамис Дінмұхаметов ересектер арасында командалық із кесу 4 км. қашықтығында қола медаль еншіледі. Жастар арасында осы дисциплина бойынша оқушы-спортшымыз Динара Көпжасарова мен түлегіміз Аружан Рақымжан күміс медальды қанжығасына байлады.
Әзірше, алғашқы жарыс күні қорытындысы бойынша, Қазақстан велошабандоздары 1 күміс, 2 қола жүлдені еншілеп отыр. Жаттықтырушы-оқытушыларымызды құттықтай отырып, алдағы жарыс күндеріне сәттілік тілейміз!
Ал, жаттықтырушылар тобына сабырлық пен төзімділік серік болсын!