Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің спортшылары 19-21 ақпан аралығында Ел Ордасы - Астана қаласында орналасқан "Аспан" спорт кешенінде, жасөспірімдер арасындағы (U-17) грек-рим күресінен өткен республикалық турнирге қатысты.
Бұл, дәстүрлі жарыс, Кеңес Одағының шектеулі контингент әскерінің Ауғанстан елінен шығарылғанына 35 жылына толуына және Ауған соғысының ардагері, КСРО батыры Борис Керимбаевты еске алуға арналған Республикалық турнир болып табылуда.
Бұл байрақты бәсекеде, боз кілемнің үстіне 250-ге жуық палуандар еліміздің 12 командасының атынан шықты.
Тартысты белдесулер оқиғаларға толы болды. Қазақ Елінің аймақтарынан жиналған мықты ұжымдар намысты қолдан бермеді. Әр кездесуді қарсыластар, көп жағдайда, тек кішігірім басымдылық арқылы ғана өз пайдасына аяқтап отырды.
Ал, турнирды қорытындыла келі мектеп спортшылармыз келесі нәтиже қол жеткізді:
Қола медаль иегерлері: 65 кг. Елжан Дидарұлы, 92 кг. Бекарыс Сұлтанқұл.
Күміс медаль: 45 кг. салмақ дәрежесі Бекзат Әзілханов, 48 келіде Сұлтан Мәулетханов, 60 кг. Досбол Шәміл.
Алтын медаль иегерлері: 55 кг. Алпамыс Болатұлы, 60 кг. Әмірмұхамед Қабулов, 72 кг. Әбілмәнсұр Ахалбек, 65 кг. Тарлан Сейітов, 80 кг. Ерсайын Секенов.
Сөйтіп, Қ. Мұңайтпасов атындағы оқу - спорттық ордасының палуандары 5 алтын, 3 күміс және 2 қола (жалпы 10 медаль) медальды ұтып алды! Бәрекелді!
Грек-рим күресі бөлімшесінің жаттықтырушылар тобын шын жүректен құттықтаймыз!