Мәнерлеп сырғанау спорт түрінен БАӘ астанасы - Әбу-Даби қаласында, 15-18 ақпан аралығында, "Abu Dhabi Classic Trophy" атты халықаралық турнир өтті.
Үлкен қыздар арасындағы сайыста, Қ. Мұңайтпасов атындағы спорт мектебінің оқушысы, мәнерлеп сырғанау бөлімшесінің көш бастаушы спортшысының бірі - Зере Сарбалина күміс медаль иегері атағына қол жеткізді!
Осы жастағы спортшылар Әлемнің көптеген мемлекеттерінен келіп бас жүлдеге талас жүргізді.
Мекеменің мәнерлеп сырғанау бөлімшесінің жаттықтырушыларын, шәкіртінің үлкен жетістігімен, шын жүректен құттықтаймыз!