Қостанай қаласында, 7-9 ақпан аралығында, конькимен жүгіру спорт түрінен, жасөспірімдер арасындағы, Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты өтуде.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің спортшылары жарыстың бірінші күнінде келесі нәтижелерді көрсетті:
Кіші жасөспірімдер арасында 1000 м. қашықтықта, астаналық мұзтабан шебері Ақберген Исабеков чемпион атанып, алтын медальды мойына тақты!
Үлкен жастағы қыздар арасындағы жарыста, 500 м. қашықтықта, мекеме конькишісі Айзада Рымбек бірінші орынды иеленсе, Екатерина Шабасова мәре сызығын үшінші болып кесті!
Жасөспірім ұлдар арасында, 500 м. жарысында, Глеб Терентьев күміс медальға ие болды.
Орта жас қыздар арасында, 500 м. сайысында, Алана Әбишева екінші орынды қаңағат тұтты.
Осы қашықтықта кіші ербала жасөспірімдер арасында Ақберген Исабеков тұғырдың биік сатысына көтеріліп, чемпиондық атаққа ие болды!
Үлкен жасты қыздар арасында, 1500 метрге жүгіруден Айзада Рымбек тағы бір мәрте Ел Чемпионы болса, әріптесі Екатерина Шабасова екінші орынға жайғасты.
Ал, орта жасты қыздар жарысында, 1500 м. додасында, Арина Гаврилова күміс марапатқа ие болып, Қазақстан Чемпионатының вице-чемпионы атағына ие болды!
Жарыс болса әлі де жалғасуда...

cc2af4c4 e354 45a5 9b9d d51761270c47

28b9b336 f393 4e80 be57 ee561541f78c