Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінде үлкен мерекелік іс-шара өтті-2023 жылдың қорытындылары шығарылынып, үздіктері марапатқа ие болды.
Комиссия шешімі бойынша,
жылдың "Үздік спортшысы" номинациясын таеквондо бөлімінің спортшысы, жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы Бауыржан Исамедин жеңіп алды!
"Үздік спорттық бөлімше" номинациясын конькимен жүгіру бөлімшесі ұтып алды.
Ал, мекеменің, "Үздік жаттықтырушысы" атағына, таеквондо бөлімшесінің аға бапкері Айтжан Алдабеков қол жеткізді!
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Іс-шара барысында мекеменің зейнет демалысына шыққан бір қатар ардагерлері де аса құрметке ие болып, құнды сыйлықтармен марапатталды.
Спорттық нәтижелері бойынша жыл қорытындысы ресми түрде жарияланып, оң бағаға ие болды.